Ең биік тау бір метрге төмендеді
Батыс Еуропадағы ең биік тау Монблан төрт жыл ішінде бір метрге төмендеді, деп хабарлайды France Bleu радиостанциясы.
Алматы, NEGE. Радиостанция келтірген геодезистердің баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта таудың биіктігі 4 807,81 метрді құрайды, ал 2017 жылы Монбланның биіктігі 4 808,72 м болған. «Батыс Еуропаның төбесі осылайша 4 жыл ішінде бір метрге төмендеді», - деп атап өткен радиостанция.
France Bleu нақтылағандай, геодезиялық экспедиция 16-18 қыркүйек аралығында өткен. Мамандар таудың биіктігінің өзгеруі оның жоғары жағындағы қар жамылғысының азаюына байланысты деп түсіндіреді.