Ең бай футбол командасы

«Манчестер Сити» мен бірнеше футбол командалары кіретін City Football Group (CFG) компаниясы өзінің 10 пайыздық үлесін 500 миллион АҚШ долларына сату үшін американдық Silver Lake инвестициялық қорымен келісім-шарт жасасты.

Алматы, NEGE. Сауда барысында CFG-дің бүгінгі құны 4,8 миллиард долларға бағаланып, қазіргі таңдағы «ең қымбат футбол командасы» ретінде танылып отыр. CFG «Манчестер ситиден» өзге АҚШ, Австралия, Жапония, Уругвай, Қытай мен Испанияда бірнеше командаларға иелік етеді.

Ағылшын Премьер-лигасының қазіргі чемпионы бұл сезонда «Ливерпул» командасынан 9 балл көрсеткішімен артта қалып тұр. Былтырғы ойындар барысында компания 535,2 миллион фунт стерлинг (687 млн $) табыс тапқан.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты