Ең бай адам компаниясын тексеруді сұрады
Amazon басшысы Джефф Безос АҚШ билігінен өзін және компаниясын мұқият тексеруді сұрады.
Алматы, NEGE. Әлемдегі ең бай адам АҚШ конгресінде өтетін монополияға қарсы отырыста сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
«Мен Amazon компаниясын мұқият тексеру керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, барлық ірі институтты: компаниялар, ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдарды мұқият тексерген жөн. Біздің басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсету», – дейді кәсіпкер.
Сондай-ақ, Джефф Безос Amazon соңғы 10 жылда АҚШ экономикасына 270 миллиард доллар инвестиция тартқанын атап өтті. Компания дүкендерінде әлемдегі 1,7 миллион кәсіпорының тауарлары қойылған.