Эмомали ерледі!

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанада өткен «Орталық Азия – Ресей» саммитінде Ресей президенті Владимир Путинге қатты айтты.

Астана, NEGE. «Иә, біз – аз халықпыз, біз 100-200 млн емеспіз. Бірақ біздің тарихымыз бар, мәдениетіміз бар, біз де адамбыз, біз өзімізді құрметтегенін қалаймыз. Біз кедей емеспіз. Біздің еліміз бай.

Владимир Владимирович, сізге өтінішіміз бар – Орталық Азия елдеріне қатысты бұрынғы Совет одағы сияқты саясат болмағанын қалаймыз. Таразы басын теңшеп, әр республикамен бөлек жұмыс істеу керек», – деді Э.Рахмон.

«Шаңырақтың иесі» Қасым-Жомарт Тоқаев «ерекше баяндамасы» үшін Э.Рахмонға алғыс айтты. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды