Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары туралы жазба жариялады

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық, Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.

Ақорда

Алматы, NEGE. «Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», – деп жазды Эмманюэль Макрон.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды.

Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Президент Эмманюэль Макрон қарсы алды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған