Emirates әуе компаниясы миллиардтаған шығынға батты

Emirates әуе компаниясы 2020 жылдың алғашқы жартысында 3,5 млрд доллар шығынға батқан.

Алматы, NEGE. Бұл – соңғы 30 жылда болмаған көрсеткіші. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, індетке байланысты Emirates қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр. Жыл басынан бері компанияның табысы 75%-ке қысқарып қалған. Ал жолаушылар ағыны 95%-ке төмендепті. Дегенмен, жуырда аталған компания Дубай үкіметінен 2 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек алған еді.