Емханадан 13 мыңға жуық вейп табылды

Алматы қаласында стоматологиялық емханалардың бірінде заңсыз сауда-саттық тәркіленді 

Вейп

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енген еді. Алайда, вейп сату доғарылар емес. Тіпті, осы жолы ем қабылдайтын орыннан 13 мыңға жуық вейпті сатқан қылмыскерді Алматы қаласының полициялары ұстады.  
Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров: «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр» деді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді