Емельяненко қамалды

Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады. Бұл жайында ресейлік БАҚ жазды.

Алматы, NEGE. Оқиға 21 қаңтарға қараған түні Анападағы қонақ үйлердің бірінде болған. Әзірге толық мән-жайы белгісіз. Супсех кентіндегі «Спорт» базасында спортшы Магомед Исмаиловқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатқаны белгілі. Жергілікті тұрғындар оны саябақта және жағалаудан жиі көретін болған. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Емельяненко мас күйде бұзақылық жасаған.