Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Әлем кубогында күміс иеленді

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аяқталды, қазақстандық Елжана Тәниева күміс жүлдегер атанды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық гимнаст тапспамен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған бағдарламада 30,900 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова жеңіске жетсе, қоланы Бразиялия өкілі Барбара Домингос иеленді.

Сонымен бірге Тәниева ұршық жаттығудан 5-орын, ал доппен жаттығуда алтылыққа енді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды