Эльжана Таниева Париж алдындағы соңғы әлемдік жарысқа қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турнирге қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді.

Бұл бәсекеде Әлия Юсупова жаттықтыратын Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ.

Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да қатысады.

Айта кетелік, қазіргі таңда Эльжана Таниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты