Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогінде бестікке енді

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті