Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасының іріктеуінде сынға түсті

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13- орын иеленіп, финалдан сырт қалды.

Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады.

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады