Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының жаңа кеңесшісі ретінде Елжан Біртановты таныстырды.

QazMed төрағасы Әлиакпар Мәтішев әлеуметтік әріптестікті дамытуда үлкен тәжірибесі бар Елжан Біртановқа медицина қызметкерлері үлкен үміт артып отырғанын атап өтті.