Елжан Біртанов қызметінен босатылды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды. Бұл туралы

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды», ­– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалды.

А.Цой бұған дейін Денсаулық сақтау бірнші вице-министрі болып қызмет атқарған.