Елшілік қанды қырғыннан құрбан болғандарды еске алды

Алжир Халық Демократиялық республикасының Қазақстандағы елшілігі Алжир халқының дербес ел болуы үшін құрбан болған азаматтарын еске алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Іс-шара 1945 жыл, 8 мамырда отаршыл Франция елінің Алжирдегі жүргізген қанды қырғынның 79-жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аталған мерекелік іс-шара елшіліктің Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш мырза ұйытқы болып, Астана қаласындағы елшіліктің ауласында өтті. Іс-шара басында Алжир Республикасының ұлттық әнұраны ойнатылып, Алжир елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған боздақтарына арнап минуттық үнсіздік жарияланды. Олардың рухына арнап Құран оқылды.

ғаламтордан

– Француз отаршылдары дербес ел болуды армандаған, еркіндікті талап етіп бейбіт шереуілдеген халыққа қарсы бағыттап Алжирдегі француздық империя тарихындағы ең жан түршігерлік оқи болды. Бұл күн – алжирліктердің жүрегінде ең ұлы әрі ардақты естелік. Құрбан болған азаматтардың рухына арнап құран бағыштадық, – деді Алжир Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?