Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады.

Алматы, NEGE. "2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға Львов қаласына автобус жөнелту жоспарланған. Автобус сыйымдылығы 50 орын", - делінген хабарламада.

Елшіліктің мекенжайы - Ю. Ильенко, 26, байланыс нөмірлері:  38 (044) 483-15-96 38 (067) 347-04-08.

Елшілік әлеуметтік желілердегі және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің жедел мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрады:

  • Instagram - kazenbukr
  • Facebook - KazEmbassyUkr
  • Telegram - t.me/KZembassyinUKR