Елшілік Украинадағы қазақстандықтарды есепке тұруға шақырды
Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады
. Бұл туралы өкілдіктің баспасөз қызметі хабарлаған.
Алматы. NEGE. "Консулдық есепке өздері келмей-ақ, Қазақстан елшілігі сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады", - делінген хабарламада.
Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.
Елшіліктің байланыс нөмерлері: 38 (044) 483-15-96; 38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін).