Елорданың бас санитарлық дәрігері үндеу жасады

Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавируспен ауыратын науқастар саны артып келеді. Бұл – санитарлық нормалардың бәрі бірдей сақталмағанының басты белгісі. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қазір қала «сары аймақта» орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты. Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі, дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет», – деді елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова. Қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавируспен ауырғандардың өсуі жалғасқан жағдайда карантиндік қосымша шектеу шаралары қабылданатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады