Елордалық оқушылар 2-тоқсанда қалай оқиды?

Елорда мектептерінің 2-тоқсандағы жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасынан мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы «сары қауіпті аймақта» орналасуына байланысты жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланған жоқ. Кезекші 5 сыныптардың жұмыс істеу мәселесі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешілетін болады. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді», – деді басқармадан.

2-тоқсанда қала мектептері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптармен жұмыс істейді.

«Білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Ата-аналар мен оқушылар қосымша хабарланатын болады», – деп атап өтеді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді