Елордалық дәрігерлер көше кезіп жүр

Аты жаман дерт басталғалы тыным көрмеген елордалық дәрігерлер панасыз қалды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бас-аяғы 500-ге жуық медицина қызметкері алдымен «Думан», кейіннен «Рамада Плаза» қонақ үйінде тұрып келген. 16-17 маусым күндері «Нұрсұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының» бұйрығымен оларды қонақ үйден шығарған.

Науқастармен тікелей қарым-қатынас жасайтын дәрігерлердің бір бөлігі қоғамдық көліктермен үйлеріне қайтса, бір бөлігі киім салған сөмкесін сүйреп, көшеде жүр. Nege.kz тілшісі олармен тікелей байланысқа шықты. Өздерінің атын атамауды өтінген медицина қызметкерлері: «Бізді ешқандай конақ үй қабылдамай жатыр. Медиктерден бәрі қорқады. Үйімізге қайту отбасымыз үшін де қауіпті екенін білеміз», – деді.

Бүгінге дейін арнайы тасымалдаушы автобуспен қонақ үйлеріне барып жүрген медибкелер енді қоғамдық көлікпен қатынап, өз үйлерінде тұруға мәжбүр.

Рысбек Арапхан

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды