Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, – деп хабарлады Polisia.kz

Видеодан скриншот

 

Алматы, NEGE. 16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып, эмоциялық күйзелістен көпірден секірмек болған.

Полиция мәліметінше, 102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Арқар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, қызбен сөйлесе бастады.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып, эмоциялық күйзелістен көпірден секірмек болған. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді, – деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады