Елордалық мұғалім рекорд орнатты

Ұстаздар күнінде елордалық мұғалім рекорд орнатты. 55 жастағы Айгүл Ержанова жалпы салмағы 8 тонна болатын екі темір тұлпарды 40 метрден аса қашықтыққа сүйреп өтті, деп жазды  24.kz.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Ұстаздар күнінде елордалық мұғалім рекорд орнатты. 55 жастағы Айгүл Ержанова жалпы салмағы 8 тонна болатын екі темір тұлпарды 40 метрден аса қашықтыққа сүйреп өтті.

Осылайша, экстрималды спорт түрінен өз қатарластары арасында алғаш болып әлемдік көрсеткішті жаңартты. Айгүл Ержанова астанадағы №50 мектепте бастауыш сыныпта сабақ береді. 30 жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз салауатты өмір салтын ұстанады. Спорт әлеміне небары 52 жасында қадам басып, қысқа уақыт ішінде пауэрлифтингтен бірнеше мәрте халықаралық сайыс жеңімпазы атанған.

Мен бұл уақытқа дейін ауыр атлетикамен айналыстым. Сол дайындығымның қорытындысы және түрлі салмақтағы машиналды тартып бір ай дайындалдым. Мен өзім көрсетіп жүрген қашықтығымды бүгін артығымен жасадым. Жаттықтырушыларымның арқасында. Олар болмаса, мен мұндай жетістікке жете алмаймын" - дейді рекордшы Айгүл Ержанованың өзі. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді