Елордалық ҚХА қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мерекесіне орай Қазақстан халқы ассамблеясының елордалық филиалы Достық үйінің алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты ауқымды іс-шара өткізді, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігі

Алматы, NEGE. Іс-шара алаңында бес киіз үй тігіліп, олардың әрқайсысы белгілі бір этномәдени бірлестікке арналды.

Наурыз – тарихы тереңде жатқан, жаңару мен жасару мерекесі. Біздің халқымыз оны ұлы күн деп бекер айтпаған. Наурызнамның онкүндігі аясында біз Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, елшіліктердің дипломаттарын, сондай-ақ қала қонақтарын көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесін бірге атап өтуге шақырдық. Елорда әкімдігінің атынан жыл сайын мұқтаж, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, ерекше балаларға үлкен көмек көрсететін Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық меценаттарын марапаттау рәсімі өтті, – деп атап өтті Астана ҚХА Хатшылығының қызметкері Гүлнәр Тайгокова.

Қонақтар спорт ойындарына, оның ішінде бұқа тартыс, асық ату, қазақша күрес, қол күрес, гір көтеру ойындарына қатысты. Сондай-ақ, көрермендер елордалық этномәдени бірлестіктердің экспозицияларына барып, этностардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық тағамдарымен танысты.

Мысалы, «Юнчи» дүнген орталығы қалыңдықтың шаш үлгісінің құпиялары туралы айтып берді, Әзербайжан және түрік этно бірлестіктерінің киіз үйінде қолданбалы өнер бойынша мастер-класс өтті, онда қынамен сурет салу көрсетілді. Екі халықтың ұлттық тағамдары да ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді