Елордалық қарт немересін зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Өз немересіне сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікпен егде жастағы елорда тұрғыны қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдымен аталған жайт туралы қазақстандық адвокат Азамат Сағал желідегі жеке парақшасында жария етті. Адвокаттың айтуынша, атасы 7 жасар немересіне сексуалдық зорлық көрсетті деп қыздың анасы хабарлаған.

Істің мән-жайын білу мақсатында елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінген едік.

— Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деген хабар алдық.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр