Елордаға жылу қашан беріледі?

Соңғы күндері елордада ауа райы температурасы төмендеп жатыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордада бес күн қатарынан ауа температурасы 10 градустан төмен болса, тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бұл туралы қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есма-ғұлов айтты. Бас шаһардағы жеке меншік секторды газдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазір шамамен 5 мың жер үйге, құбыр тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 3 есе артады. Биылғы жылу маусымында қаладағы 3 жылу электр станциясы да, отынға газ қол-данатын болады.

Ал биыл газға қосыла алмаған тұрғындарды, жергілікті билік 12 мыңнан астам тонна көмірмен қамтамасыз етеді. Қара отын арнайы белгіленген 12 сауда орнында жазғы бағамен сатылады. Әкімдіктегілер алып-сатарлардан сақтануға шақырады. Күн суыт-қанын күтпей ақ, алдын ала сатып алуға да болады. Айта кеткен жөн, биыл жалпы ұзындығы 3,5 шақырым жылу желісі жөнделген. 50 шақырымдай электр желісі мен 5 шақырым су және кәріз құбырлары жаңартылды.