Елордадағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Елордада бірініші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары бүгін мектепте сабақ оқымайды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды», делінген хабарламада.