Елордада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір ашылды

Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпірдегі қозғалыс бір күн бұрын ашылды.

Алматы, NEGE. Жоспар бойынша көпір 30 қазанда ашылуы тиіс еді. Атап айтқанда, көпір сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі қарсы қозғалысқа арналмақ. Көпір үстінде сынақ 25 қазан күні басталды. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін тиісті көрсеткішті беретін сенсорлар орнатылды. Ондағы абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады.

Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және басқа да қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын жаңа көпір 30 қазан күні ашылатыны хабарланған еді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады