Елордада тағы бір стационар жабылды

Елордада коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды емдейтін тағы бір стационар жабылды, – деп хабарлайды Сovid19.astana.kz сайты.

Алматы, NEGE. №3 көпбейінді қалалық аурухананың терапевт-дәрігері Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап мұнда 1 мыңға жуық коронавирус жұқтырған науқас емделген.

Олардың арасында жағдайы орташа және ауыр науқастар да болған.

«Бұл стационар толығымен өз міндетін атқарды. Мұнда тиіс медициналық жабдықтар, дәрілер болды. Бұл науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді», – дейді Дәурен Молдажанов.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді