Елордада саябақ ішінде кинотеатр ашылды
Жас кәсіпкерді карантиндік шектеулердің азайып, шағын бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік бергені қуантады.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Кинотеатрға қазір сұраныс жоғары. Тіпті билеттер бір апта бұрын өтіп кеткен. Фильмдер күн сайын түнгі сағат тоғыз бен он бірде көрсетіледі. Әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіледі. Сол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары не көретіндерін өздері таңдайды. Кәсіпкер мұндай кинотеатрды алдағы уақытта тағы бір саябақта ашуды жоспарлап отыр.
Кинотеатр директоры Нұрасыл Ержанов: «Ашықпен» ме? Әлде еркін кіре бере ме? Жоқ, тек қана «Ашықпен» кіргіземіз. Және көріп тұрғандарыңыздай ашық аспан аясында. Сондықтан барлық санитарлық талаптарға сай келеді», – деді.