Елордада митингі өтіп жатыр

Бүгін Елорда да "Торғай облысы ашылсын" деген ұранмен бейбіт митинг өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президенттің 16- наурыздағы жолдауынан кейін, торғайлықтар да бір ай көлемінде қол жинап, облысты ашуға бекінген.


      Шеруге 500-ге жуық адам жиналған, ұйымдастырушылар да өте көп. Ұйымдастырушылардың бірі, журналист Ербол Мәндібек: " Тоқырау жылдарында жабылып қалған Семей мен Ұлытак облыстары ашылмақ. Ал Торғай туралы сөз болмады. Бірі Қостанайға, бірі Көкшетауға қарайтын елді бұрынғыдай бірге топтастырып, жаңа облысты құру керек", – дейді. 


    Сонымен қатар, әкімдік тарапынан қатаң қадағалау байқалады. Ішкі істер өкілдерінің  мамандары, автобустар, митинг болатын жерді қоршап тұры. Шара бес сағатқа созылмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді