Елордада мерекесі күндері 3 егіз дүниеге келді

Елордада мамыр айындағы мерекелерде 438 нәресте дүниеге келді. Олардың ішінде үш егіз бар, деп ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордада 1-3 мамыр аралығындағы мереке күндері 233 нәресте дүние есігін ашты, оның 123-і – ұл бала, 113-і – қыз бала. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні, яғни 7 және 9 мамыр күндері қалада 205 бала дүниеге келді. Бұл мерекеде кішкентай қорғаушылардың қыздарға қарағанда көбірек туғаны да мерекені айшықтай түскендей: 103 ұл және 102 қыз.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек