Мас жүргізуші алты көлікті соғып барып тоқтады

Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан, NEGE. Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 16 сәуір күні 01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан. «Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр