Елордада майнинг ферма анықталды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде өз қызметін жүзеге асырған майнингтік ферманы анықтады.
Алматы, NEGE. «Майнингке арналған 56 жабдық табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүргізілген. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.