Елордада құрылыс материалдары ұрланды

Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде қылмыс жасағаны үшін сотталған үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Алматы, NEGE. Тергеу барысында күдікті азаматтардың құрылыс нысанындағы ғимараттың құлпын бұзып кіріп, ішінде жатқан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық құрылыс материалдары мен қымбат тұратын құралдарды ұрлап әкеткені анықталды.

Ұсталған тұлғалар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған тұлғалардың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтар Бейбітшілік, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне немесе мына телефон нөміріне хабарласа алады: 8 (7172) 71-60-69

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек