Елордада құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңдарының бірінде кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты.

Алматы, NEGE. Аталмыш оқиғадан кейін астанадағы барлық крандар техникалық талаптарға сайы болуын тексереді. Қайғылы оқиға Тұран даңғылындағы 89/А үйінде болған. Енді Нұр-Сұлтан қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті сәйкес тексеру жұмыстары жүргізбек. 

«Тергеу нәтижесінде мұнаралы кранның құлау себебі мен мән-жайы анықталады. Қорытындысы Нұр-Сұлтан полиция департаментіне процессуалды шешім қабылдау үшін жіберіледі», – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіндегілер. 

Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Нұркеновтың тапсырмасымен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері мен өзге де құзырлы орган қызметкерлері қатысатын комиссия құрылып, мұнаралы крандардың техникалық талаптарға сай болуын тексермек. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында да кран құлап, краншы мерт болған еді.