Елордада көпқабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті
Елордалық өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйден 12 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 13 қыркүйекте сағат 07:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Бұқарбай батыр көшесіне шақыру бойынша шыққан. Құтқарушылар жеткен кезде көпқабатты үйдің кіреберісінен қатты түтін шығып жатқан. Сол себепті тұрғындар дереу эвакуациялана бастаған. «25 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, 12 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Қаза болғандар жоқ. Улы газдан уланған 81 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға және 16 жастағы қыз №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді ТЖД-дан. Өрт ас үйден шыққан. Жалын сағат 07.49-да ауыздықталған. Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану.