Елордада көлік ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Бас шаһарда көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Алматы, NEGE. Шұғыл іздеу шаралары нәтижесінде елордалық полиция автоұрылардың ізіне түскен. Күдіктілердің «Хёндэ Аванте» көлігі Абылайхан көшесі бойында тоқтатылды. Алайда олар есікті ішінен бекітіп, көліктен шықпаған. Тәртіп сақшыларының көлікті оқшаулап, терезесін сындыруға тура келген. Ұсталғандардың бірі 39, екіншісі 42-де. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Олар 20 қазаннан бастап 5 көлік ұрлығы бойынша күдікке алынып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?