Елордада қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.