Елордада қатты желден кран құлады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кеше Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», – делінген комитет таратқан хабарламада. Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.