Елордада карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Елордада коронавирус жұқтыру қаупінің жоғарлауы мен науқастар санының артуына байланысты бүгіннен бастап карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Бұл жеке ұйымдарға да қатысты. Кафе, мейрамхана, бар және асхана секілді қоғамдық тамақтану нысандары таңғы 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл жерлерде 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Нотариус, адвокаттық кеңселер, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар қызметі, азық-түліктен басқа заттар сататын бутиктер кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Монша, бассейндер жұмыс күндері кешкі 21:00-ге дейін, ал демалыста кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді. Полиция күнделікті рейдтерді күшейтеді.