Елордада қанша медицина қызметкері COVID-19 жұқтырды?

Елордада 330-ға жуық медицина қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жалпы, қала бойынша медицина қызметкерлері арасында індетке шалдығудың 330-ға тарта оқиғасы тіркелді. Бұл өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мекемелеріне қатысты, яғни республикалық, қалалы әрі ведомстволық. Оның ішінде денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдары бойынша 200-ге жуық. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бірі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастар болған стационарларда жұмыс істеген», – деді Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде. Сонымен қатар ол елордада медицина қызметкерлері арасында COVID-19-дан өлім-жітім фактілері тіркелмегенін нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты. Өкінішке қарай, толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды. «Бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр. Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған», – деді С. Қисықова.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді