Елордада қалған екі ауданда газ құбырының құрылысы басталды
Елордада қалған екі аудан – Байқоңыр мен Есіл ауданында газ құбырының құрылысы басталды. Мысалы, бұл Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елді мекендері, сол сияқты «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және т.б. Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр. Қаланы газдандыру қалай жүріп жатқанын Алтай Көлгінов айтып берді.