Елордада ірі көлемде есірткі зат табылды
«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ескірткімен күрес басқармасы қызметкерлері жедел-анықтау шарасы аясында аса ірі көлемде есірткінің таралу жолын кесті», деп хабарлайды астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Елорда аумағында есірткілік заттардың таралмауын қадағалау мақсатында жүргізілген іс-шара барысында, бұрын бірнеше мәрте сотталған Жамбыл облысының тұрғыны тұрып жатқан үйден 82 келі «марихуана» есірткісі табылды. Анықталғандай, қолға түскен жамбылдық азамат аталмыш есірткіден 40 мың дана есірткілік зат дайындап, астана аумағында сатпақ болған.
Қылмыстық оқиға соталды дербес реестрде тіркеліп, күдікті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулау изоляторына тоғытылды.
Жыл басынан бері елорда полицейлерінің қатысуымен «героин», синтетикалық түрлі есірткілік заттар секілді 150 келіден аса есірткілік заттар тәркіленген. Есірткі қолданғаны үшін 73 қылмыстық іс қозғалып, басқа да есірткілік заттарға қатысты 370 қылмыстық іс тіркелген.