Елордада инновациялық киіз үй тігілді

Наурыз мерекесіне орай елордада ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Nur Alem маңына жақын жерде көшпелі өркениет фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Фестиваль алаңында этноауыл орнатылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнершілер өздерінің шеберліктерін көрсетіп, білімдерімен бөлісу үшін жиналды.

Фестивальдің басты ерекшелігі - жасанды интеллект көмегімен жасалған өнер, дизайн, анимация заттарын қамтитын Neo Nomad инновациялық киіз үйі орнатылды.

Сонымен қатар, ЭКСПО аумағында Шығыс жәрмеңкесі ашылды. Мұнда қонақтар этникалық стильдегі дизайнерлік киімдерді, сәнді және шебер жасалған зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, былғары және жібектен жасалған әдемі бұйымдарды және ұлттық кәдесыйларды таба алады.