Елордада енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүреді

Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі жұмыс істемейтін. Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады. Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керектігін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек