Елордада Елжан Біртановтың соты болып жатыр
Сот алдында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы журналистерге көңіл-күйі жақсы екенін, соңына дейін күресетінін сөз етті.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Адвокаттарының өтініші бойынша ол сот отырысына дейін істің мән-жайын айта алмайтынын мәлімдеді.
Елжан Біртановтың ісі екі жыл бойы қаралып жатыр. Экс-министр жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отыр.
Платформа науқастар, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Орындаламаған жұмыс құны - 4,1 миллион доллар.
Осы іске байланысты заң алдында жауап беретін екінші күдікті — оның орынбасары Олжас Әбішев.