2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Елордада екі жаңа көпір ашылады

Елордада биыл көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Бұл құрылыс биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, «Мыңжылдық» аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз», - дейді қала әкімі. Сонымен қатар, елордада жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.