16 августа 2023 г. 13:24

Елордада бой көтерген жаңа үйлердің тұрғындары «Қазақтелекомның» қызметін таңдап жатыр

Фото:

Еліміздің ірі телеком-операторы қазақстандықтарды жоғары жылдамдықты телекоммуникациялық қызметтердің ішіндегі ең қолжетімдісі - GPON технологиясына қосып жатыр. Көпқабатты тоғыз блоктан тұратын «Баспана» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да таяуда «Қазақтелекомның» цифрлық қызметінің жаңа пайдаланушылары атанды. Бүгінде тұрғындардың 94%-ы қоныстанған. Сондықтан жаңа ғимаратта телекоммуникациялық қызметке деген сұраныс өте жоғары. Кедергі болмаса компания мамандары өтінім түскен сәттен бастап 24 сағаттың ішінде қызметті қосып береді. 

GPON технологиясы – бұл абоненттің пәтеріне кабельді тікелей өткізіп, бір сым арқылы бірнеше байланыс қызметін алуға мүмкіндік беретін талшықты-оптикалық желінің бір түрі. Технологияның басты айырмашылығы – деректерді жоғары жылдамдықта береді, әрі сыртқы кедергілерге ұшырамайды. Басқа да бірқатар артықшылықтары бар: жаңа технология абоненттерге кедергісіз жоғары сапалы қызметке қосылуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, желі шамадан тыс жүктелген жағдайда да интернетке қосылу үзілмейді.

Интернет-технологиялар мен цифрлық қызметтердің қарқынды дамуы тек сапаға ғана емес, сонымен қатар пайдаланушылар тұтынатын трафиктің көлеміне де жаңа талаптар қояды. Сондықтан, «Баспана» тұрғын үй кешенін қызметке қосу кезінде Венера Базарханова өз отбасының қажеттіліктерін ескере отырып, ең оңтайлы тарифтік ұсынысты таңдаған.

"Ұсынылған нұсқалардың ішінен маған «Bereket» қызметтер топтамасы қатты ұнады. Өйткені оған жылдам интернеттен басқа шексіз ұялы байланыс, басқа операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалу, үйдегі телефон және цифрлық телевизия кіреді. Бұл қызметтердің әрқайсысын жеке-жеке қосып, ақысын төлесең, анағұрлым қымбат болып шығар еді. Маған әсіресе TV+ қызметі ұнайды, онда танымал салалық арналардан басқа біздің, қазақстандық телеарналар көп, сондай - ақ өзімізге ыңғайлы уақытта, кейін қарауға болады", - деп атап өтті «Қазақтелекомның» жаңа абоненті Венера Базарханова.

Дәстүрлі қызметтерге қарағанда TV+ қызметінің бірқатар ерекше артықшылығы бар, ең бастысы – эфирді қалауыңша басқара аласың: мысалы, экраннан алыстау қажет болса, трансляцияны тоқтатуға болады.

«Маңызды артықшылық – телеарналарды көру үшін кез келген гаджетті таңдау мүмкіндігі: үнемі қолыңызда жүретін смартфон, планшет немесе Smart TV функциясы бар теледидарға қоса аласыз. Ең бастысы – үйге интернет желісі қосылса болды, бір сигнал көзінен үйде бір мезетте бірнеше гаджеттен теледидар көре аласыз»,-деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Орталық аймағының В2С-сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова.

Бүгінде цифрлық телевизия платформасы 151 телеарна мен 5 онлайн кинотеатрды қамтиды және Android пен IOS операциялық жүйелеріндегі құрылғылар үшін қол жетімді. TV + қызметіне жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланушыларға арналған пакеттік ұсыныстарға қосылуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері елордада талшықты-оптикалық магистральға 80-нен астам үй қосылған, 16 мыңнан астам клиент жылдам интернетке қол жеткізді. Жыл соңына дейін компания бұл көрсеткішті 42 мың абонентке жеткізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: