Елордада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тараған

Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады