Елордада бес науқастың халі нашар

Бүгінде астананың инфекциялық стационарларында 862 пациент жатыр, соның ішінде қырық төрт бала бар

Алматы, NEGE. Елордада індетке шалдыққан бес пациенттің жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. 

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған бес пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қисықова онлайн брифингте.
4 сәуірдегі жағдай бойынша елордадағы инфекциялық стационарларда 862 пациент жатыр, соның ішінде 44 бала бар. Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырғандар саны 202 адамға жетті. Он жеті пациент жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады